Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15425

Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған [1].
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында: «Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі...» деп көрсетілген [2] .
Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру.
Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тєрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.
Жаһандану дәуірінде этностық-мәдени сәйкестілік (идентичность) мәселесі үлкен маңызға ие болуда. Адамзат қоғамы екі бағытта дами алады деп болжайды: мәдениеттің бір-бірімен араласуы немесе мәдениеттің бір-біріне қайшы келуі. Бірақ, екі көзқарас та тарихи дағдарысқа алып келуі ықтимал. Бұдан шығудың үшінші жолы бар, ол мәдениеттердің диалогы, мұндай жағдайда бірде-бір мәдениет өз ерекшелігін жоғалтпай, әлемдік қоғамға шығуына мүмкіндік алады. Міне, сондықтан да мәдениеттердің диалогына шығу проблемасы этностық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы арқылы шешіліп, этникалық қауымдастықтардың мәдени түрде өзара әрекеттесуіне әкеледі.
«Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру» тұжырымдамасында (1996) атап көрсетілгендей, халықтың этностық-мәдени сәйкестілігі өз тарихында, мәдениетінде болған оқиғаларды білу, қалыптасқан рухани құндылықтарға адалдық, ұлт қаһармандарын қастерлеу нәтижесінде құралады. Ол ұлттық азат және ерікті жасампаздық шығармашылығы процесінде қалыптасады. Этностық-мәдени сәйкестілік жағдайына халықтың өзі тудырған әлеуметтік-мәдени жүйе арқылы қол жетеді. Бұл жүйеге отбасы, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындары, ұлттық, мәдени орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, көркем және ғылыми әдебиет, ғылыми-зерттеу және әкімшілік мекемелері, тағы басқалары жатады [3].
Бұл жағдайларда этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру мәселесін педагогикалық тұрғыда зерттеу маңыздылығы артады. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесінде балаларды жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді жүзеге асырып, этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, халықтың рухани мәдениетін зерде мен ой елегінен өткізіп, оны қазіргі заман құндылықтарымен байланыстыра білуге машықтандырады.
Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында этностық, этностық-мәдени және мемлекеттік сәйкестілік мәселесі философия, саясаттану, тарих және этнографиялық салада (Э.З.Александренков, Ж.М.Әбілдин, Ю.В.Бромлей, В.И.Козлов, Қ.Е.Көшербаев, Ә.Н.Нысанбаев, Б.Ф.Поршнев, И.А.Снежкова, Э.К.Суслова, Ғ.Т.Телебаев және т.б.); әлеуметтану мен мәдениеттануда (С.М.Арутюнян, М.Х.Балтабаев, Л.М. Дробижева және т.б.); этнопсихологияда (В.А.Вяткин, Қ.Б.Жарықбаев, Н.Е.Елікбаев, Б.А.Әмірова, О.Х.Аймаганбетова, А.П.Оконешникова, У.Г.Солдатова, Г.М.Старовойтова, Ю.В.Хотинец, Е.Т.Шлягина және т.б.) көрінетіні айқындалды [4-22].
Қарастырылып отырған мәселенің педагогикалық аспектісін талдауға бірқатар этнопедагогикалық зерттеулер арналған (Г.Н.Волков, А.Э.Измайлов, Я.И.Ханбиков, Е.Л.Христова, К.Б.Жарықбаев, С.К.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Ж.Наурызбай, М.Х.Балтабаев, К.Ж.Қожахметова, Р.Қ.Дүйсембінова, Р.К. Төлеубекова, К.А.Оразбекова, Ж.Асанов, Ә.Табылдиев, Қ.Бөлеев, Ш.Б. Кульманова, Л.С.Сырымбетова, Ш.М.Мұхтарова және т.б.). Қазақстандық педагогика ғылымында этностық мәдениет бойынша этнопедагогикалық зерттеулер баршылық (И.Өршібеков, А.Х.Мұхамбаева, Б.Е.Қаирова, Г.Р.Бахтиярова, Е.Ш.Қозыбаев, С.К.Әбильдина, К.Е.Ибраева, Т.М.Шакирова, Г.К.Тлеужанова және т.б.). Соңғы уақытта қазақ этнопедагогикасының мәселесі бойынша ғылыми жұмыстар саны жас педагогтардың зерттеулерімен көбеюде [23-44].
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға ұлттық, этностық-мәдени тәрбие беруге байланысты бірнеше шетел және отандық ғылыми зерттеушілерді атап өтуге болады:
- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің халықтық педагогика аспектілері (Т.В.Черник, О.В.Леонова, М.Г.Евграфова, Е.А.Иванова, Е.Н.Кергилова, Т.Иманбеков, К.Сейсембаев, Т.А.Левченко, Ә.С.Әмірова, А.Е.Манкеш, О.М.Сыздық, З.М.Балгимбаева) [45-49];
- мектеп жасына дейінгілердің этностық-мәдени дамуы (Е.Ф.Вертякова, Л.Д.Вавилова, В.Д.Ботнарь, О.Н.Юденко, С.Д.Кириенко, Б.Н.Галаева) [50-54];
- мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарын даярлау мәселесі (О.И.Давыдова, Х.Т.Шерьязданова, Л.С.Берсенева, У.Ш.Ибрагимов, М.Б.Кожанова, Ж.С. Хасанова) [55-58];
- мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісіне ұлттық педагогика үлгілерін ендіру (Ж.М.Акпарова, С.Г.Жанабаев, А.Ә.Капенова, Ұ.Т.Төленова) [59-62].
Этностық-мәдени сәйкестілік бойынша зерттеулер негізінен мектеп оқушыларына және студенттерге арналған, ал мектепке дейінгілердің этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру мәселесі бойынша педагогикалық зерттеулер дамып келеді.
Көптеген зерттеулердің әдіснамалық бағдарына профессор Ж.Ж.Наурызбайдың Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы алынды [3].
Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесін талдау балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымның жұмысының мазмұнында ұлттық-мәдени элементтердің өз мүмкіндігіне сай қолданылмайтынын көрсетті.
Осыған сәйкес дәстүрлі құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеудегі қазақстандық қоғамның қажеттіліктері мен мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру жүйесінің жеткіліксіздігі;  мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру мүмкіндігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада аз зерттелгендігі арасында бірнеше қайшылықтар туындайды. Бұл қайшылықтардың шешімін табу мақсатында этностық-мәдени сәйкестілікті мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыру жолдарын анықтау біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдап алуымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерісі.
Зерттеудің пәні: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру ерекшеліктері айқындалып, сол арқылы оның үлгісі жасалып, сонымен қатар педагогикалық шарттар жүйесі құрылып, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың тиімділігі артады, өйткені мұндай жағдайда қарастырылып отырған процестің жүйелілігі мен тұтастығы қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің міндеттері:
1)  мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктерін ашу;
2)  мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың үлгісін әзірлеу;
3)  мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін құру;
4)  аталмыш жүйені мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үрдісіне енгізіп, оның тиімділігін тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін олардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу негізінде қалыптастыру жалпы адамзаттық және этноәлеуметтік құндылықтарына баулу жолдарының бірі болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:
- мәдениет жеке тұлға факторы ретінде, сананың мәдени-тарихи даму теориясы (В.С.Библер, Э.С.Маркарян, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев және т.б.) [63-64];
- этнос теориясы (Ю.В.Бромлей, Л.Н.Гумилев, Ә.С.Қалмырзаев, Б.П.Поршнев және т.б.) [4;65;66];
- жеке тұлғаның әлеуметтік, этностық сәйкестілік үлгілері (Э.Эриксон, М.Баррет, Ж.Пиаже, Л.М.Дробижева, Ғ.Т.Телебаев, В.Ю.Хотинец және т.б.) [67;13;10];
- мектеп жасына дейінгі балалардың даму заңдылықтары мен принциптері (Л.С.Выготский, И.С.Кон, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин және т.б.) [68;69;70;71;72;73];
- тәрбиенің этнопедагогикалық аспектілері (Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Қ.Бөлеев, Р.Қ.Дүйсембінова, К.А.Оразбекова және т.б.) [74;75;26;35;30;32];
- оқушыларға этностық-мәдени білім беру тұжырымдамасы (Ж.Ж.Наурызбай) [3];
- жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы (С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова) [76].
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, мәдениеттанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибелерді мектепке дейінгі ұйымның практикасына ендіру мәселесіне байланысты ресми құжаттар; оқу-әдістемелік кешен; автордың көпжылдық педагогикалық тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері:
- аналитикалық (ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді талдау, модельдеу, жіктеу, жүйелеу, жалпылау, т.б.);
- диагностикалық (сауалнама, жеке және топтық әңгіме, сұхбат, бақылау, тестілеу, т.б.);
- статистикалық (зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу).
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
- теориялық-әдіснамалық әдебиеттерді талдау негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктері ашылды;
- мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың үлгісі әзірленді;
- мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасу деңгейлерінің өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды;
- мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталып, жүйеленді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға этностық-мәдени білім беру бағдарламасы жасалды;
- мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру бойынша тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқаулар әзірленді;
- «Ана тілі» атты ЭЕМ-ға арналған бағдарлама даярланды;
- балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру бойынша ата-аналармен жұмыс бағдарламасы құрастырылды;
- балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруды диагностикалау әдістемесі жасалды.
Алынған нәтижелерді педагог-тәрбиешілерге, мектепке дейінгі білім беру жүйесінде, осы сала мамандарын даярлау мен қайта даярлау мекемелерінде қолдануға болады. 
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2000-2002) нақты зерттеу міндеттерін қою мақсатында мәселенің теория мен практикадағы жағдайы зерттелді, теориялық тұжырымдамалар талданды, зерттеудің ғылыми аппараты, болжамы мен жетекші идеясы нақтыланды.
Екінші кезеңде (2002-2004) зерттеудің теориялық негізі нақтыланып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі зерттеу мәселесіне талдау жүргізілді; тәжірибелік-педагогикалық жұмыс бағдарламасы жасалынып, эксперимент басталды.
Үшінші кезеңде (2004-2006) зерттеудің теориялық және практикалық қорытындылары жасалып, тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың мәліметтері талданып, зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, диссертацияны рәсімделу жүзеге асырылды.
Зерттеу базалары:
Тәжірибелі-педагогикалық жұмыс Қарағанды қаласының №145 «Балапан», №42 «Тілек», №65 «Балауса» балабақшаларында, №68 мектеп-интернат-балабақша жалпы білім беретін кешенінде жүргізілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктерін ашу негізінде этностық-мәдени сәйкестілік түсінігін нақтылау.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру үлгісі педагогикалық шарттардың жүйелі түрде өңделуіне әсерін тигізеді.
3. Этностық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы нақты педагогикалық шарттар жүйесі арқылы жүзеге асырылады: тілдік ортаның белсенділігі, бес-алты жастағы балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін дамытуға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына этностық-мәдени материалды ендіру, бес-алты жастағы балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін дамытуда отбасының көмегі, отбасының этностық-мәдени сәйкестілігін дамытуға бағдарлануы.  
4. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың нәтижелері.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі. Жұмыс нәтижелері халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік конференцияларда (Қарағанды-1997-2005; Талдықорған-2002; Жезқазған-2004-2006; Алматы-2005; Көкшетау-2005-2006); ғылыми мақалалардың баспаларында (Информационно-методический вестник РИПК СО «Менеджмент в образовании», № 3 (30), 2003; Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы, №1(33), 2004; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы «Ізденіс», гуманитарлық ғылымдар сериясы, №1, 2006; Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-педагогикалық басылымы «Ұлт тағылымы», №1, 2006) жарияланды; мектепке дейінгі педагогикалық-психологиялық даярлық теориясы және әдістемесі кафедрасының мәжілістерінде баяндалды. Сонымен қатар оқу-әдістемелік құрал (Қарағанды-2003); қазақ және орыс тілдерінде типтік оқу бағдарламалар (Қарағанды-2003-2005) жарияланды. «Ана тілі» атты ЭЕМ-ға арналған бағдарлама; «Мектепке дейінгілерге этностық-мәдени білім беру» бағдарламасы; «Ата-аналармен жұмыс» әдістемелік нұсқауы, «Тәрбиешілерге көмек» атты практикалық нұсқау әзірленді.
Диссертация құрылымы:  жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған деректер көздерінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми аппараты: зерттеу нысаны, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері, әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі, зерттеудің практикалық мәнділігі, зерттеу кезеңдері, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар айқындалады.
«Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші бөлімінде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктері ашып көрсетіледі, осы ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың теориялық үлгісі құрылып, олардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесі анықталады.
«Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыс» атты екінші бөлімінде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру жұмысының ұйымдастырылуы мен барысы, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері көрсетілген.
Қорытындыда зерттеу нәтижелері беріліп, ұсыныстар айтылады.
Негізгі бөлім
Зерттеуіміздің мақсатын жүзеге асырудың жолдарын анықтауда алгоритм құрдық. Осыған сәйкес біз ғылыми әдебиеттерді талдап, негізгі әдіснамалық қағидаларды анықтадық. Әдіснамалық қағидалар негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктері айқындалып, талаптар қойылып, зерттеліп отырған мәселенің үлгісі мен педагогикалық шарттар жүйесі құрылды (сурет 1). 
Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың белгілі бір халыққа тиістілігі екенін саналы түрде меңгеру, оның ерекшеліктерін айқындау педагогикалық ерекшеліктерін зерттеуден тұрады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктерінің бірі табиғилық принциппен айқындалады.

Тәрбиенің табиғилық принципін алғашқы рет XVII ғасырда Я.А.Коменский көрсетті. Тәрбиенің бұл принципінің жүзеге асырылуын қазақтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінен көруге болады. Олар өздерін табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде есептеген. Мұның барлығы өз ізін жыныстық-жас ерекшелік саралауда да қалдырды.
Ата-бабаларымыздың «Балаңды бес жасқа дейін хандай ұста, он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай көр» деген дана сөзінен баланың мектепке дейінгі кезеңінде сана-сезімінің тұрақсыздығы, танымдық ерекшеліктерінің ырықсыздығы, ересектердің мінез-құлықтарына еліктеушілігі көрінеді. Сондықтан этностық-мәдени сәйкестілікті мектепке дейінгі кезеңде қалыптастырудың ерекшелігін бұл принцип аша түседі.
Тәрбиенің табиғилық принципі – кез келген тәрбие әрекеті мен педагогикалық процестің жетекшісі болып, нақты даму деңгейімен ерекшеленеді. Бұл принциптің мәні мынада: тәрбие мен білім беру табиғи және әлеуметтік-мәдени процестердің өзара байланысы туралы ғылыми түсінігінің негізінде танылады. Биологиялық организмнің витальды ерекшеліктерін есепке алу және жыныстық-жас ерекшелік саралауынан тұрады.
Тұлғаның «Мен-тұжырымдама» бөлігінде этностық-мәдени сәйкестілік адам психологиясының түбірлі өзгерісіне байланысты. Одан жас ерекшелік дамуының әр түрлі кезеңіндегі сапалы мәнін табуға болады.
Этностық-мәдени сәйкестілік өзінің қалыптасу процесінде баланың психикалық даму кезеңдеріне сай бірнеше кезеңдерден өтеді. Баланың белгілі бір ұлттық топқа жататыны жөніндегі алғашқы тұжырымдамалардың бірін Пиаже ұсынды. Пиаже этникалық сипаттамалардың дамуының алғашқы кезеңін мектепке дейінгі жас кезеңіне арнады, бірақ бала алғашқы өз этносы туралы үзік, жүйелі емес білімді игереді дейді.
 Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшелігін айқындайтын екінші әдіснамалық қағида - мәденилік принципі.
Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда мәденилік принципінің мәні бала тәрбиеленіп отырған ортаның, ұлттың, қоғамның, мемлекеттің, аймақтың мәдениетін баланың қолдана алуы.
Н.Б.Крылова бойынша мәденилік принцип – метапринцип, тәрбие мен білім беру, бір жағынан, мәдениеттің ерекшеліктері мен талаптары бірқалыпты болса, екінші жағынан, әлеуметтік қайта құруға қабілетті, яғни тек қана оның нормалары мен құндылықтарын тасымалдаушы ғана емес, жаңа мәдени формаларды ұйымдастырушы. Тәрбие мен білім берудің қабілеттілігі -  мәдениеттің мәнін, қарқынын, мазмұны мен компоненттерін көрсетіп, мәдени өзін-өзі анықтауға және сәйкестілендіруге (идентификациялауға) шарттар тудыру. Бұл принцип бойынша тәрбие мен білім беру жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде пайда болып, оларға қайшылыққа келмейтін этно-ұлттық мәдени құндылықтар мен нормалар және аймақтық дәстүрлерге сәйкес құрылады.
Этностық-мәдени сәйкестіліктің дамуы бұл мәдени салада маңызды роль атқаратын психологиялық әлеуметтік үрдіс. Адам өзінің сәйкестілігін мойындайтын көптеген ерекшеліктерді әлеуметтік жағдайдың дамуын талдамайынша, түсінуі қиын.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың маңызды факторы - тіл. Балалардың өзара әрекетінің нәтижесінде этникалық топ өзінің этникалық тілін сақтай алады, кез келген жағдайда этникалық тілді сақтау этностық-мәдени сәйкестілікке әсер етеді.
Бабаларымыздың қара сөзінің құдыретін жас ұрпаққа үйрету арқылы олардың сөз қорын байытып, ана тілінің мәртебесін көтеру қажет деп ойлаймыз.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың үшінші ерекшелігі ұлттық сана-сезім мен этностық-мәдени сәйкестіліктің арақатынасына байланысты айқындалады. Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда бұл ерекшеліктің мәні этностық-мәдени сәйкестілік компоненттері арқылы анықталады. Олар: когнитивті, аффективті, мінез-құлықтық.
Когнитивті компонентке жас ерекшелігіне этникалық өзіндік идентификация, ана тілін үйренуге талпыныс, өз халқының және басқа да этностардың тарихын, мәдениетін және ұлттық ерекшеліктерін білу жатады.
Аффективті компонентке жеке тұлғаның сезімінде көрінетін сипаттамалар кіреді.
Мінез-құлықтық компонентке мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың әрекетіндегі білім, эмоция, сезімдердің көрінуі, мінез-құлық ережелерін сақтауы жатады.
Ұлттық сананың қалыптасуындағы мәдениет, өнер рольдерін ашуда, оның маңызын көрсетуде де Л.С.Выготскийдің триадасы «сана – мәдениет – жүріс-тұрыс» туралы пікірін тысқары қалдыра алмаймыз. Себебі, әр ұлт өзінің ұлт болып қалыптасуында өзінің рухани мәдениеті: әдебиеті, өнері, ғылымы арқылы мінез-құлық, болмыс, сана-сезім ерекшеліктерін анық көрсетеді. Сөйтіп, өзінің өмір сүру ұзақтығы, мәдениетінің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ұлт бастамасы «баланың» өз мәдениетіне ену мүмкіндігімен анықталады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың төртінші ерекшелігі этноәлеуметтік-рольдік принципіне негізделеді.
Этностық мәдениеттің қайта пайда болуы жағдайында біз баланың назарын жас кезінен этноәлеуметтік рольдерге аударуымыз керек. Бала басқа адам алдындағы өз міндетін, жауапкершілігін бірте-бірте игере отырып, өзінің этноәлеуметтік ролінің мәнін түсіне бастайды. Этноәлеуметтік рольді тани отырып, бала бір жас кезеңнен екінші жас кезеңге өту барысында әр түрлі этноәлеуметтік рольдерді игереді. Бұл рольдердің этникалық тәрбие берудегі маңызы өте зор. Оларды әлеуметтену үдерісімен бірлікте жүзеге асыру керек. Адам әлеуметтену барысында белгілі рольдер атқарып, сол рольдер арқылы әлеуметтік ортада белгілі орын алады.
Бала – отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі болғандықтан да, тәрбиенің негізі осы кішкентай нәресте кезден басталуы керек. Ұлттық тәрбие -   бесіктен басталады. Отбасындағы ата мен әженің, әке мен шешенің, апа-қарындас, аға-інінің бір-бірімен күнделікті өмірдегі қарым-қатынасы, мінез-құлқы – ұлттық тәрбиенің бастау бұлағы. Этностық тәрбие – жеке тұлғаның этноәлеуметтік рольдер жүйесін игеруін мақсатты түрде реттеу.
 Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың бесінші ерекшелігі мемлекеттік интеграция және этностық-мәдени сәйкестілік (қазақстандық патриотизм) идеясына тәуелді.
Қазіргі қоғам дамуында және білім беру жүйесінде екі тенденция байқалады: саралау және кірігу. Этностық қатынастар саласында оларды бірлікте қарастыру этно-мәдени білім беру қажеттілігін тудырды. Педагогикалық үдерісте бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру этностық сәйкестілікті мемлекеттік кірігумен бірлікте қалыптастыру мақсатына әкелді.
Мемлекеттік сәйкестілік (кірігу) – этно-мәдени білім берудің фундаментальды және стратегиялық мақсаты. Егер этностық сәйкестілікке жеке және топтық түрде қысқа уақыт мерзімінде жетуге болса, мемлекеттік кірігуге жету – мемлекетте тұратын барлық этностардың күштерін талап ететін ұзақ процесс (ҚР этномәдени білім тұжырымдамасы).
Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» Жолдауында: «...оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - деген болатын. Елбасының бұл сөздері педагогтар үшін негізгі бағыт, бағдарлама болып табылады.
Этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастырудың алтыншы ерекшелігі тұқымқуалаушылық, орта және тәрбиенің әсерінен туындайды. Бұқар жырау «Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, адамның ата-тегінен» деген. Қазақ сонау ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан, тұқым қуалайтын барлық жақсы қасиеттердің жиынтығын «тек» деген ұғымға сыйғызып, ондай адамдарды «текті» деп бір ауыз сөзбен сипаттаған. Ұлттық ерекшеліктерін қатаң ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіне осы тектілік негіз болғаны хақ. Тәрбиедегі негізгі түп – тектілік, оның тамырын, өмір тұрғысын дұрыс қалыптастыру - ата-ананың негізгі міндеті. Ол міндетті дұрыс атқару үшін олардың өздері баласына өнеге болуы тиіс.
Қазақтар «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» - деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың жетінші ерекшелігі әлеуметтену және этностық тәрбие түсініктерінің арақатынасынан шығады.
Американ социологтары Т.Парсонс, Р.Мертон жеке тұлғаның белгілі ортаға бейімделіп, әлеуметтік ортада толық сабақтасып кету үдерісін әлеуметтену деп атайды. Адамның белгілі ортада әлеуметтенуі оның сол ортаға бейімделу деңгейімен анықталады.
Гуманистік психологияның өкілдері Г.Олпорт, А.Маслоу, К.Роджерс «жеке тұлғаның әлеуметтенуі дегеніміз оның өзіндік өзектелуінен, яғни «Мен» тұжырымдамасының процесінен, қандай ортада болмасын белгілі мағынаға ие болуынан көрінеді» - дейді. Жеке тұлға әлеуметтену барысында өзін-өзі тәрбиелеуге, істеген ісіне жауап беруге, яғни өзіндік сана-сезімінің қалыптасуына өзі ықпал ете алады. Адамның әлеуметтенуі - өмір бойы үздіксіз болып отыратын процесс. Әлеуметтену процесінің мазмұны жалпықоғамдық, ұжымдық, халықтық және ұлттық мазмұнға ие болады. Тәрбие және оқыту жеке тұлғаның әлеуметтену негізі бола алады.
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі - өмір бойы жалғасатын біртұтас үздіксіз үрдіс, оның даму барысында адамның этнос субъектісі ретінде этностық құндылықтарды, этноәлеуметтік рольдерді және өз халқының салт-дәстүрлерінде шоғырланған этностық нормаларды меңгеруі, этностық өзіндік санасын оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш сезімін және басқа ұлт өкілдеріне сыйластық, түсіністік сезімін қалыптастыру болып табылады.
1-кестеде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктері көрсетілген.
Кесте 1 - Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктері

Әдіснамалық қағидалар атаулары Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру ерекшеліктерінің сипаты
табиғилық принципі Бес жасқа дейін баланың этностық-мәдени сәйкестілігі санасыздық деңгейде, ал бес жастан кейін психикалық даму ерекшелігі саналы даму деңгейіне жетеді. Сонымен қатар жыныстық ерекшелік те есепке алынады
мәденилік принципі Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру тәрбиеленіп отырған ортаның, ұлтының, қоғамның, мемлекетінің, аймағының мәдениетін қолдана алумен ерекшеленеді. Бұл жалпы адамзаттық құндылықтарға қайшылыққа келмейтін этно-ұлттық мәдени құндылықтар мен нормалар және аймақтық дәстүрлерге сәйкес құрылады
ұлттық сана-сезім мен этностық сәйкестіліктің арақатынасы Этникалық сәйкестілік ұлттық сана-сезімнің компоненті ретінде қалыптасады. Бұл қалыптасу процесі мектепке дейінгі кезеңде көріне бастайды. «Мен қазақпын» атты қасиетін тәрбиелеу ұлттық сана-сезімнің ерекшелігінен туындайды
этноәлеуметтік рольдік принципі Бала өз міндетін, жауапкершілігін бірте-бірте игере отырып, өзінің этноәлеуметтік ролінің мәнін түсіне бастайды. Этноәлеуметтік рольді тани отырып, бала бір жас кезеңнен екінші жас кезеңге өту барысында бір этноәлеуметтік рольден екіншісіне өтеді
мемлекеттік интеграция және этностық-мәдени сәйкестілік идеясына тәуелділігі Этностық-мәдени сәйкестілік пен мемлекеттік азаматтық интеграциялау бірлікте қарастырылады. Қазақстандық патриотизм осы бірлік арқылы қалыптасады
тұқымқуалаушылық, орта және тәрбиенің әсері Бала тәрбиесінің шешуші факторлары болып табылғандықтан, ұлттық ерекшеліктерді ұстану, оларды ұрпақтан ұрпаққа тәрбие арқылы жеткізіп, этногенетика және этноәлеуметтік құндылықтарды қалыптасады
әлеуметтену және этностық тәрбие түсініктерінің арақатынасы Әлеуметтену процесі этникалық құндылықтарды, этноәлеуметтік рөлдерді және өз халқының салт-дәстүрлерінде шоғырланған этникалық өзіндік санасын оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш сезімін және басқа ұлт өкілдеріне сыйластық, түсіністік сезімін қалыптастырады
Зерттеуіміздің мақсатын жүзеге асырудың жолдарын анықтау алгоритміне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктері айқындалғаннан кейін, мынадай талаптар туындайды:
1) мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқытудың мазмұны, түрі және әдістері гуманизм мен қоғамды демократияландыру рухына сәйкес құрылуға тиіс;
2) мектеп жасына дейінгі кезеңнің ерекшелігі сол, бұл кезеңде баланың этностық-мәдени сәйкестілігі, адамгершілік қасиеттері, білімдік дағдылары мен икемділіктерінің негізі қалыптастырылуы қажет;
3) мектеп жасына дейінгі кезеңге қойылатын аса маңызды талап - балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырып, білімдерін жинақтау мен жүйелеу, олардың айналадағы құбылыстар туралы негізгі түсініктері мен қарапайым ұғымдарын қалыптастыру;
4) балаға мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдеріс арқылы қазақстандық рухани құндылықтарға сай адамгершілік, мәдениет негіздері дариды. Ұлттық мінез-құлық, талғампаздық, талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру;
5) балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда мектепке дейінгі ұйымдарға оқу және тәрбие мәселелерін шешуде өзіндік білімін пайдалана алатын, танымдық әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму деңгейіне көтерілген, жоғары білікті мамандар даярлау;
6) баланың қоршаған ортамен қарым – қатынас жасауына, әлеуметтену процесіне ерекше көңіл бөлу.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға қойылатын талаптарға сәйкес және ерекшеліктерін ескеру арқылы этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері анықталды (кесте 2).
Кесте 2 - Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері және көрсеткіштері

Компоненттер Өлшемдер Көрсеткіштер
Танымдық Білімдер Баланың ана тілі, ата тегі, төл мәденеті мен тарихы, туған жері, салт-дәстүрлері, ұлттық рәміздер туралы, сонымен қатар жеті атасы, өз жұрты мен нағашылары, туыс атаулары және өзінің этноәлеуметтік рольдері туралы білімдер
Аффективтік Ұмтылысы мен ынтасы Жоғарыда аталған білімдерге қызығушылық, саналы түрде өзінің және өз ұлтының жағымды және жағымсыз эмоцияларының сезінуі, өзіндік сана-сезімі
Мінез-құлықтық Біліктері мен дағдылары Белсенділігін, өз-өзін және басқаларды тануға ұмтылысын, ынтасын дамыту, этникасына, ұлтына және мәдениетіне тиістілігіне қарамастан, басқа ұлттарға балалардың қатынасы -  толеранттылық

Көрсетілген өлшемдер этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру процесінің нәтижесін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан осы үдерістің бір құрылымдық компоненті ретінде қарастыра отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың үлгісі құрылды (сурет 2).

 
 
 2-ші суретке сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың мақсатын жүзеге асыра отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін құрастыру негізгі міндет болып табылады. Бұл міндет мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың үш компонентін жүзеге асыруды көздейді:
- танымдық компоненті (ана тілін үйрету, ата тегі, төл мәдениеті мен тарихы, туған жері туралы білім беру);
- аффективтік компоненті (өз ұлты мен жалпы адамзаттық құндылықтарына баулу);
- мінез-құлықтық компоненті (өз-өзін және басқаларды тануға ұмтылысын, ынтасын дамыту).
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктерін айқындайтын әдіснамалық қағидалар: табиғилық, мәденилік принциптері, ұлттық сана-сезім мен этникалық сәйкестіліктің арақатынасы, этноәлеуметтік рольдік принцип, мемлекеттік интеграция және этностық-мәдени сәйкестілік (қазақстандық патриотизм) идеясына тәуелділігі, тұқымқуалаушылық, орта және тәрбиенің әсері, әлеуметтену және этникалық тәрбие түсініктерінің арақатынасы. Осы қағидалар үлгіге принциптері ретінде кірістірілді. Осы принциптерді есепке алу арқылы мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру міндеттері өз шешімін педагогикалық шарттар жүйесін анықтауда және құрастырудан тұрады. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру педагогикалық шарттар жүйесін өңдеуді талап етеді (сурет 3). Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру процесі педагогикалық шарттардың болуын қамтамасыз етуді талап етеді. «Педагогикалық шарттар» түсінігі мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесінің барлық бағыттарының тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті объективті және субъективті факторлардың жиынтығы деп қарастырылады. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсатын, міндеттері мен принциптерін таңдауға байланысты соған сәйкес мазмұнды, ұйымдастыру формалары мен әдістерін анықтайды. Онда нақты шарттардың көрінуін маңызды етеді. Олар мыналар:  тілдік ортаның белсенділігі (ЭЕМ-ға арналған «Ана тілі» бағдарламасы); балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға арналған мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесінің мазмұнына этностық-мәдени материалды ендіру («Мектепке дейінгілерге этностық-мәдени білім беру» бағдарламасы); балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда отбасының көмегі, отбасының балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін дамытуға бағдарлануы («Ата-аналарға көмек» әдістемелік нұсқауы); мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға көмек.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың жоғарыда аталған педагогикалық шарттары бір-бірімен өзара байланысты.
Тілдік ортаның белсенділігі (ЭЕМ-ға арналған «Ана тілі» бағдарламасы).
Балаларға ана тілін үйрету әр ұстаздың, әр ата-ананың борышы. Ана тіліне деген сүйіспеншілік мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Бұл ұсынылып
 

 
отырған бағдарламада әріптер мен дыбыстарға үйрену және бекіту үшін ойындар, сөйлеуге дағдыландыратын тапсырмалар беріледі. Бекітуге арналған ойындар, жұмбақтар ұсынылады. Бұл бағдарламада бір бөлімнен кез келген екінші бөлімге тез көшіп, ондағы ақпараттармен танысуға болады. Бірінші және екінші тараулар – белгілі бір тәртіпке негізделген қатаң бірізді технология бойынша құрылған. Үшінші және төртінші тараулар – модульды технология бойынша құрылған ойын бөлімі болып табылады. Бағдарламада жұмбақтар ұсынылады. Бақылау (модуль) негізгі бағдарламаға қосымша ретінде көрсетіледі. Бақылау белгілі бір тараулар бойынша жүзеге асырылады. 
Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға арналған мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесінің мазмұнына этностық-мәдени материалды ендіру («Мектепке дейінгілерге этностық-мәдени білім беру» бағдарламасы)
Баланың жеке басының қалыптасуындағы мектепке дейінгі кезең мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие беру кезеңін қамтиды. Осы кезеңнің өзінде-ақ ата-аналардың, педагогтардың, тәрбиешілердің, психологтардың бірлескен күш-жігері арқылы баланың әлі айқындала қоймаған әлеуметтік сапаларын қалыптастыру мен дамытудағы тәрбиелік мүмкіндікті жұмылдыру үшін оның жеке басының, рухани және дене бітімінің даму ерекшеліктерін, этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру қажет.
Бағдарлама бес-алты жастағы балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламада мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесінде өткізілетін сабақтардың, әр түрлі шаралардың үлгілері берілген.
Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда отбасының көмегі, отбасының балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін дамытуға бағдарлануы («Ата-аналарға көмек» әдістемелік нұсқауы);
Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда ата-аналармен жұмыс формаларын мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ғылыми тұрғыда негізделген этностық-мәдени білім арқылы ендіруге болады. Туған үйіне деген сүйіспеншілікті дамыту – балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін дамытудың алғашқы сатысы. Балаларда туған үйдің эмоционалдық бейнесін қалыптастырудың жолдары, құралдары және әдістері: ата-аналарға, отбасының басқа да мүшелеріне, құрбыларына деген сүйіспеншілікті, сыйластықты тәрбиелеу; туған үйге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуде отбасы дәстүрлерінің әсері. Туған үйге дұрыс қатынасты тәрбиелеу. Отан туралы мақал-мәтелдер; «Туған үйім» жобасының мазмұнын өңдеу т.б. жұмыстар кіреді.
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға көмек. Бұл шарттар жүйесіне мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәрбиешілерге көмек ретінде сабақтардың үлгілері берілген.
Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын өңдеу этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру жөнінде жұмыстың мақсаты, міндеттері, мазмұны, формасы, әдістерін анықтауға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда келесі нәтижеге қол жеткізуді болжаймыз: жас ерекшелігіне сай этностық-мәдени сәйкестілігі қалыптасқан, ана тілін үйренген, ата тегі, төл мәденеті мен тарихы, туған жері туралы білімі бар, өз ұлты мен жалпы адамзаттық құндылықтарына баулыған, өз-өзін және басқаларды тануға ұмтылысы мен ынтасы дамыған тұлға.
Аталмыш педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін тексеру мақсатында тәжірибелі-педагогикалық жұмыс ұйымдастырылды.
Тәжірибелі-педагогикалық жұмыс Қарағанды қаласының №145 «Балапан», №42 «Тілек», №65 «Балауса» балабақшаларында, №68 мектеп-интернат-балабақша жалпы білім беретін кешенінде жүргізіліп, үш кезеңді қамтыды: анықтау, қалыптастырушы, бақылау. Экспериментке балалар, тәрбиешілер, ата-аналар қатынасты: 62 бала – эксперименттік топта, 61 бала – бақылау тобында болды.
Анықтау эксперименті барысында сауалнама, әңгімелесу көмегімен мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасуының деңгейлері үш компоненттің көрсеткіші негізінде (танымдық, аффективті, мінез-құлықтық) анықталды. Диагностикалау нәтижелері эксперименттік және бақылау топтарындағы балалардың  этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасуының деңгейлерінің төмендігі екені анықталды. Себебі, олардың мәдениет, өз тарихы туралы білімдері, ана тілін үйренуге деген ұмтылысы, басқа халықтардың ұлттық құндылықтарына деген қатынасы, патриоттық сезімі, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің төмен деңгейін көрсетті. Мұның себебінің бірі тәрбиешілер мен ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға бағытталған дайындығының жеткіліксіздігі. Бұл тәрбиеші мен ата-аналарға жүргізілген диагностика нәтижесімен анықталды.
Анықтау эксперименті кезеңінде өткізілген әңгімелесу барысында тәрбиешілер, ата-аналар этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру өзекті мәселе екеніне көз жеткізіп, мектепке дейінгі ұйымда арнайы әдістемелік жүйенің болмауы және әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы анықталды. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымның оқу жоспарларын талдау нәтижесі мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы байланыстың әлсіздігін, мектепке дейінгі ұйымдарда бір жүйенің жоқтығын, этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру шарттарының анықталмағандығын, мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы сабақтастықтың әлсіздігін көрсетті
Барлығы төрт кесінді өткізілді. Оның бірінші кесіндісі анықтаушы эксперимент кезінде жүргізілді. Қалыптастырушы эксперимент кезінде екі (2-ші және 3-ші) аралық кесінділер алынды. Эксперименттен кейін төртінші кесінді жасалынды.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің ерекшеліктерін ашу негізінде және анықтау экспериментінің нәтижелері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық процесіне жүргізілген талдау бізге балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру әдістемесін жасауға түрткі болды.
Тәрбиешілердің жоспарларын талдау, жас ерекшелігі мен қызығушылығын ескере отырып шығармашылық жұмыстарды (апталықтар, айлықтар, көрмелер, мұражайларға бару және т.б.) ұйымдастырып, өткізуге себеп болды. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында ата-аналармен этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру бойынша түрлі жұмыс формалары (тақырыптық баяндамалар, ата-аналар жиналысы, ата-аналар бұрышы) ұйымдастырылды, этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру материалдары арқылы тәрбиешілер мен ата-аналардың, теориялық және әдістемелік даярлық деңгейлері анықталды.
Осыдан келіп қалыптастырушы эксперимент жүргізілді. Ол мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру мақсатында балалардың білімдерін тереңдетіп, жүйелеу, жағымды эмоциялар мен мінез-құлықтық бағдарларды дамытудан тұрады. Бұл эксперимент мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесіне біздің құрастырған педагогикалық шарттар негізінде кезең бойынша енгізілді: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда тәрбиешілердің даярлығы («Тәрбиешілерге көмек» әдістемелік нұсқауы); мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда отбасының көмегі, отбасының балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін дамытуға бағдарлануы («Ата-аналарға көмек» әдістемелік нұсқауы); балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға арналған мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесінің мазмұнына этностық-мәдени материалды ендіру («Мектепке дейінгілерге этностық-мәдени білім беру» бағдарламасы); тілдік ортаның белсенділігі («Ана тілі» электронды оқу баспасы).
Қалыптастырушы эксперимент екі бағытта жүзеге асты:
- мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тәрбиелеу құралы ретінде ересектердің (тәрбиеші-педагогтардың, ата-аналардың) этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыруға қатынастарын зерттеу;
- мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің ерекшеліктерінің көрінуін зерттеу.
Қалыптастырушы эксперимент төмендегі зерттеу әдістері арқылы жүзеге асты: жеке әңгіме, анкета, «таңдау» ситуациясы, бақылау.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда біздің құрастырған әдістемелер қолданылды. Әр кезең барысында әр түрлі әдістемелер негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруды тексеру негізінде аралық кесінділер жүргізілді.
Қалыптастыру эксперименті үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда тәрбиешілермен жұмыс енгізілді. Тәрбиешілерге «халық», «ұлт», «этнос», «мәдениет», «сәйкестілік», «этностық-мәдени сәйкестілік» түсініктеріне анықтама беру арқылы білімдері дамытылды. Қазақ халықының, олардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен, белгілі бір ұлт өкілдерімен және олардың мәдениетімен таныстыру бағытынды жұмыстар жүргізілді. «Этностық-мәдени сәйкестілікті тәрбиелеудегі альтернативті бағдарламалар» тақырыбында баяндамалар даярланып, белгілі бір ұлттың мәдениетімен таныстыру бағдарламасын құрастыру және т.б. жұмыстар ұйымдастырылды. Тақырыптық көрмелер, халық шығармашылығының музейі, мәдени айлықтар, достық күні, мәдени орындар мен тарихи ескерткіштермен таныстыратын экскурсиялар ұйымдастырылып, үйірме жұмыс істеді.
Бірінші кезеңде біз балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға тәрбиешілерді  даярлауда арнайы семинар енгізілді. Семинар сабақтарының мазмұны біздің зерттеу проблемамызға тәрбиешілер тарапынан қызығушылық тудырды. Тәрбиешілердің білімдері тереңдетіліп, өзіндік білім алуға бағыт алғаннан кейін, балаларға арналған этностық-мәдени білім беру бағдарламасы жүзеге асырылды.
Бірінші аралық кесінді этностық-мәдени сәйкестіліктің танымдық компонентін қалыптастыруда ана тілін толық меңгеруден басқа, этностық-мәдени сәйкестіліктің аффективті және мінез-құлықтық компонентінің төмендігін көрсетті. Біз оны ата-аналардың даярлығының жеткіліксіздігімен және бала үшін олардың беделінің ролімен байланыстырамыз. Мысалы, мінез-құлықтық компонент көбіне баланың отбасындағы тәрбие ерекшеліктерімен шарттасып жатады. Балалармен жүргізілген әңгімелер, салынған суреттерін талдау арқылы  этностық-мәдени сәйкестіліктің бірінші аралық қиығының нәтижесі шықты. Нәтижелер көрсеткендей, этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру процесіне ата-аналарды жұмылдыру керек екендігін көрсетеді, себебі, ата-аналардың қатынасуы және олардың беделі балаға қатты әсер етеді. Сондықтан  ата-аналар тарапынан этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру процесіне бағдарлануы отбасының баланың бұл процестің қалыптасуында жетекші роль атқаратынын аша түседі. Балалар әңгіменің нәтижесі отбасында этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру үдерісіне дұрыс назар аударылмайтындығын көрсетеді. Сонымен қатар отбасында балалардың көпшілігі орыс тілінде сөйлеседі. Ата-аналарға ескеретін бір жайт, баламен ана тілінде сөйлесу қажет. Мысалы, олардың көбі «отбасында қай тілде сөйлесесің?», «қазақша мақал-мәтелдер білесің бе?» деген сұрақтарға қиналып жауап берді.
Осыған байланысты екінші кезеңде тәрбиешілермен біріге отырып ата-аналардың этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру процесіне даярлығы бойынша жұмыстар жүргізілді. «Ата-аналар» клубы ұйымдастырылды. Бұл жұмыстардың нәтижелері ата-аналардың бала тәрбиесінде өз ұлтының салт-дәстүрлеріне мән бере басталғанын көрсетті. Олардың этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру бойынша әдебиеттерге т.б. қызығушылықтары байқалды. Ата-аналардың бұл жұмыс барысында қызығушылықтарының өсуі, білімдерін тереңдетуге ұмтылысы, этностық-мәдени сәйкестілікті саналы түрде игеруі қалыпты мәселеге айналды.
Біздің құрастырған бағдарламамыз қазақ ұлттық педагогикасындағы отбасымен байланысты тақырыптар мен сұрақтар блогымен, этнорольдік тұрғыдан келумен толықтырылды. Тәрбиешілер балаларға ата-аналармен бірлесе орындайтын тапсырмаларды берді. Мысалы, «Отбасы мүшелерінің суретін сал», «Қазақ халқының мерекелері», «Ата-анаға, құрбысына деген сүйіспеншілік пен сыйластықты тәрбиелейтін халық немесе авторлық ертегіні таңдау» және т.б.
Екінші аралық кесінді келесі нәтижені көрсетті. Танымдық компонентке келсек, отбасында ана тілін үйрену жұмысы тәрбиешілердің ата-аналармен белсенді жұмысының негізінде біршама өсті. Аффективті және мінез-құлықтық компоненттерінің қалыптасу деңгейлері әлдеқайда жоғарылады. Бірақ, аралық кесінді көрсеткендей, тілдік ортаның жеткілікті дамымауы көрінеді. Ана тіліне қатысты этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастырудың деңгейі зерттеліп отырған мектеп жасына дейінгілер, мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасына сай мектепке дейінгі ұйымның жағдайында әлі де болса жеткілікті түрде қалыптаспаған, соған қарамастан, тіл этностық-мәдени сәйкестіліктің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бұдан басқа да этностық-мәдени сәйкестіліктің өлшемінің бірі – басқа этностардың және олардың мәдениетін саналы түрде игеруі қалыптаспаған.
Бұл кемшіліктерді біз үшінші кезеңде жібермес үшін «Ана тілі» атты ЭЕМ-ға арналған бағдарлама әзірледік және Э.К.Суслованың ұлтаралық қарым-қатынасты қалыптастыру әдістемесін қолдандық. Бағдарлама төрт тараудан тұрады. Әр тараудың мазмұны бар. Бұл бағдарламада бір бөлімнен кез келген екінші бөлімге тез көшіп ондағы ақпараттармен танысуға болады. Бірінші және екінші тараулар – белгілі бір тәртіпке негізделген қатаң бірізді технология бойынша құрылған. Үшінші және төртінші тараулар – модульды технология бойынша құрылған ойын бөлімі болып табылады. Бағдарламада жұмбақтар ұсынылады. Бақылау (модуль) негізгі бағдарламаға қосымша ретінде көрсетіледі. Бақылау белгілі бір тараулар бойынша жүзеге асырылады. Э.К.Суслованың «Әр түрлі ұлт өкілдерімен қарым-қатынас» әдістемесі әр ұлттың өкілдеріне жағымды сезімдерді тәрбиелеудің негізгі шарты және маңызды құралы. Бақылау экспериментінің нәтижесі балалардың ана тілі, мәдениет, өз тарихы туралы білімдерінің кеңейіп, өз этностық тектестігі туралы саналы көзқарасы қалыптасқандығын көрсетті.
Бақылау тобында аса көп өзгерістер болған жоқ.
Тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың қорытынды бақылау кезеңінде анкетаны қайта жүргізу көмегімен біз мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың  этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасуының деңгейлерін анықтадық. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасуының деңгейлерінің эксперимент басындағы және эксперименттен кейінгі көрсеткіштері 2-кестеде көрсетілген.
Кестеде көрсетілген нәтижелер мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың  этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасуының деңгейлерінің эксперимент барысындағы қарқынын көрсетеді. Экспериментальды топ балаларының мәдениет, өз елінің тарихы, ана тілін үйренуге деген ұмтылысы деңгейлері өсті.
Кесте 2 - Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасу деңгейлері (%)

  Эксперименттік топ Бақылау тобы
 1- кесінді 4 - кесінді 1- кесінді 4 - кесінді
Жоғары деңгей 18,7 29,7 18,3 19,1
Орташа деңгей 36,1 44,7 32,2 32,7
Төмен деңгей 45,2 25,6 49,5 48,2

 
Сурет 4 – Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасу деңгейлерінің қарқыны
Бақылау тобында этностық-мәдени сәйкестілік деңгейінде аса өзгерістер болған жоқ.
Сондықтан, жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыс мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасуының деңгейлерінің біз анықтаған көрсеткіштері мен өлшемдерінің объективтілігін дәлелдейді.
Өңделген теориялық қағидалар мен тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері негізінде біз келесі қорытындыға келдік:
1. Теориялық-әдіснамалық әдебиеттерді талдау негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру проблемасының генезисі зерттеліп, ерекшеліктері анықталды.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігі этностық-мәдени сәйкестілік компоненттері арқылы қалыптасады: (танымдық, аффективті, мінез-құлықтық).
3. Этностық-мәдени сәйкестіліктің құрылымын теориялық талдау зерттеліп отырған құбылыстың қалыптасуының өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді.
4. Педагогикалық шарттар жүйелерін құрастыру негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың үлгісі жасалып, зерттеліп отырған проблеманың мақсаты, міндеттері, мазмұнын анықтауға мүмкіндік берді.
5. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда іс-шараларды жүйелі ендірудің мүмкіндіктері мен тиімділігін айғақтайды.
6. Этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыруда педагогикалық шарттар балалардың ана тілі, өз тарихы, мәдениеті туралы білімдерін тереңдетеді.
Зерттеу нәтижелерінен мынадай ұсыныстар туындайды:
- этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру материалдары арқылы мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру мақсатында орындалған зерттеу еңбектерінің нәтижелерін мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесіне ендіру;
- этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастырудың педагогикалық шарттарының мүмкіндіктерін мектепке дейінгі ұйымның оқыту және тәрбие бағыттарында жүйелі қарастыру;
- мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың  отбасыларында этностық-мәдени білім беру негізінде іс-шараларды жетілдіру;
- этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыруда педагогикалық шарттар жүйесін мектепке дейінгі ұйымдар тәжірибесіне ендіру бойынша әр түрлі жұмыс формаларының барлық мүмкіндіктерін пайдалану.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруды зерттеу күрделі және көпсалалы болғандықтан, оның барлық жақтарын қамтып шығу мүмкін емес. Этностық-мәдени сәйкестілікті мектепке жасына дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыру мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші-педагогтардан ізденісті, жаңа формалар мен әдістерді талап етеді. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеші-педагогтарының этностық-мәдени білімдерін дамыту, этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыруда мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы өзара сабақтастықты ескеру қажет, себебі баланың келесі жасайтын қадамы – мектеп табалдырығын аттау болып табылады.
Зерттеудің негізгі мазмұны мен нәтижелері мынадай еңбектерде
жарық көрді:
1 Программа «Step bu step» - новая инновационная технология в дошкольном образовании // Современные технологии в системе образования: материалы респуб. науч. - прак. конф. (29-30 мая 2001 г.).- Караганда: Изд-во КарГУ, 2001. – С. 79-80. (Р.Ш.Сабирова, Г.С.Балгабаевамен авторлық бірлестікте).
2 Этностық-мәдени сєйкестіліктің педагогикалық-психологиялық аспектілері // Проблемы Казахстанской психологии: история и перспективы: материалы межвуз. науч.-прак.конф. (29 октября,2001 г.).- Караганда: Изд-во КарГУ, 2001. – С. 67-72. (Р.Ш.Сабирова, Г.С.Балгабаевамен авторлық бірлестікте).
3 Этностық-мәдени сәйкестілік педагогикалық-психологиялық мєселе ретінде// Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі педагогика ғылымы мен практикасының сабақтасуы: аймақ.ғыл. прак.конф.матер. (27 мамыр, 2002 ж.) - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002. – Б. 45-47 (Г.С.Балгабаевамен авторлық бірлестікте).
4 Әлеуметтік психология. 521530 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығына арналған типтік оқу бағдарламсы // Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – 10 б. (Р.Ш.Сабирова, Л.Е.Румянцевамен авторлық бірлестікте).
5 Әлеуметтік психология. 032240 «Әлеуметтік педагогика» мамандығына арналған типтік оқу бағдарламсы // Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – 10 б. (Р.Ш.Сабирова, Л.Е.Румянцевамен авторлық бірлестікте).
6 Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігі – аса маңызды мәселелердің бірі // І.Жансүгіров тағылымы: респуб.ғыл.-прак. конф.матер. - Талдықорған: ЖМУ, 2002. - Б. 337-342.
7 Step by step – болашақ педагог-тәрбиешіні жоғары оқу орнында даярлауда жаңа білім беру технологиясы // Қазіргі кезеңдегі педагогикалық жєне психологиялық ғылымның µзекті мєселелері: аймақ. ғыл.-прак.конф.матер. (30-31 казан 2003 ж.). - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003.- Б. 3-11. (Г.С.Балгабаевамен авторлық бірлестікте).
8 Ұлт тағылымы – ұлттық тәрбие // Қазіргі кезеңдегі педагогикалық жєне психологиялық ғылымның µзекті мєселелері: аймақ. ғыл.-прак.конф.матер. (30-31 казан 2003 ж.). - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003.- Б. 92-97. (Ұ.Конхашова, С.Мекадиловамен авторлық бірлестікте)
9 Психология (педагогика) курсын оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар // Қазақстан Республикасында жоғары білім беру сапасын жетілдіру және дамыту перспективаларының өзекті мәселелері: жоғары оқу орын арал. ғыл.-әдіс.конф.матер. (16 наурыз 2004 ж.). - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. - Б. 127-130.
10 Қазақстанда жоғары мектеп дамуының ұлттық стратегиясы // Қазақстан Республикасында жоғары білім беру сапасын жетілдіру және дамыту перспективаларының өзекті мәселелері: жоғары оқу орын арал. ғыл.-әдіс.конф.матер. (16 наурыз 2004 ж.). - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004.- Б. 11-13. (Г.С.Балгабаевамен авторлық бірлестікте).
11 Этностық-мәдени сәйкестілік мәселелерін әдіснамалық-теориялық талдау // Вестник КарГУ. Серия педагогика.  – 2004. - №1(33). – С.73-77.
12 Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру // Менеджмент в образовании. – 2003. - № 3 (30). – С. 67-75. (Н.В.Мирзамен авторлық бірлестікте).
13 Этностық-мәдени сәйкестіліктің психологиялық теориялары// Білім сапасы: проблемалар, ізденістер және келешегі: V - Халықаралық Байқоңыров оқуларының ғылыми жинағы. – Жезқазған: «Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ, 2004. – Б. 137-147.
14 Этностық-мәдени сєйкестілікті дамыту ерекшеліктері // Қазіргі кезеңдегі педагогикалық жєне психологиялық ғылымның өзекті мәселелері: аймақ. ғыл.-тәжіриб.конф.матер. (26 қараша, 2004 ж.). - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. – Б. 37-45. (Г.С.Балгабаева, С.А.Абитаевамен авторлық бірлестікте).
15 Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауының ерекшеліктері // Қазіргі кезеңдегі педагогикалық жєне психологиялық ғылымның өзекті мєселелері: аймақ.ғыл.- тәжіриб. конф. матер. (26 қараша, 2004 ж.). -  Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. – Б. 45-54. (Г.Б.Бейсенбекова, Т.А.Абитаевамен авторлық бірлестікте).
16 Этностық-мәдени сәйкестілік мәселесі // Орталық Азия республикалары мен ТМД елдеріндегі түркі тілдес халықтардың этнопсихология және этнопедагогикасының қазіргі жағдайы, олардың даму перспективалары: III-халықаралық ғыл-теор. конф. матер. (22 ақпан, 2005 ж.). - Алматы: «Қазақ университеті» баспасы, 2005. - Б. 46-47.
17 Этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыруда әлеуметтену процесінің мәні // Академик Е.А.Бөкетов – ғалым, оқытушы, ойшыл: халықаралық ғыл. -тәжіриб.конф.матер. (23-24 наурыз). – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. –  Б. 345-350.
18 Этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыруда мектепке дейінгі ұйымдардың рөлі // Шоқан тағылымы - 10: халықаралық ғыл.-практ.конф.матер. (25-26 сәуір 2005 ж.)  Т.2. -  Көкшетау: КМУ баспасы, 2005. – Б. 237-241. (Ж.А.Кармановамен авторлық бірлестікте).
19 Жалпы және әлеуметтік психология. 050905 мамандығына арналған типтік бағдарлама. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. – 47 б. (Ж.А.Кармановамен авторлық бірлестікте).
20 Этностық-мәдени сәйкестілікті зерттеу тәжірибесінен // Ізденіс. – 2006. - №1. – Б.296-298. (Ш.М.Мухтаровамен авторлық бірлестікте).
21 Мектепке дейінгі ұйымдар - этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастырудың алғашқы сатысы // Ұлт тағылымы. – 2006. - №1. – Б.89-92 (Ж.А.Кармановамен авторлық бірлестікте).
22 «Мектепке дейінгілерге этностық-мәдени білім беру» бағдарламасы. Қарағанды, 2006.
23 «Тәрбиешілерге көмек» атты практикалық нұсқау. Қарағанды, 2006.
24 Жалпы білім беретін мектепті басқару негіздері // Шоқан тағылымы - 11: халықаралық ғыл.-практ.конф.матер. (21-23 сәуір 2006 ж.) Т.2. - Көкшетау: КМУ баспасы, 2006. – Б. 164-166 . (Г.С.Махмутовамен авторлық бірлестікте).
25 Ақпараттық технология – білім сапасын арттыру көзі // Шоқан тағылымы - 11: халықаралық ғыл.-практ.конф.матер. (21-23 сәуір 2006 ж.)  Т.2 / КМУ. -  Көкшетау: КМУ баспасы, 2006. – Б.11-13 (Т.А.Абитаевамен авторлық бірлестікте).
26 «Ата-аналармен жұмыс» әдістемелік нұсқауы. Қарағанды, 2006.
27 Білім беруді ақпараттандыру - өркениеттік қоғам сипаты // Университет: әлемдік білім кеңістігі жолында: V - Халықаралық Байқоңыров оқулары материалдарының жинағы. – Жезқазған: «ЖезУ» АҚ, 2006. – Б. 59-63. (Т.А.Абитаевамен авторлық бірлестікте).
28 «Ана тілі» атты ЭЕМ-ға арналған бағдарлама. Куәлігі №152. ИС 02340.

 
15.10.2010 10:50